Жаңалықтар

Тиллерсон: "Батыс Ресеймен нәтижелі қарым-қатынас орнатқысы келеді"

ашық дереккөзі

Тиллерсон: "Батыс Ресеймен нәтижелі қарым-қатынас орнатқысы келеді"

Тиллерсон: "Батыс Ресеймен нәтижелі қарым-қатынас орнатқысы келеді". Ресей "өзінің көршілеріне әлімжеттік көрсетіп, сайлау процестеріне араласады, демократияға жат идеяларды қолдайды", деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон. Ол 28 қарашада Вашнгтонда Вудро Вильсон атындағы орталықта сөйледі. Тиллерсонның айтуынша, Батыс Ресеймен жаңаша қарым-қатынас орнатуға ұмтылып отыр, бірақ мұны елеске теңеуге болады. Украинадағы жанжалды реттемейінше, Вашингтон мен Мәскеу қарым-қатынасын жақсарту мүмкін емес, деп мәлімдеді Рекс Тиллерсон. Оның айтуынша, Мәскеумен әріптестік дамытатын салалар баршылық. Мысалы, "Ислам мемлекетімен" күрес және ауған мәселесін шешуде әріптес болу.