Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан әріптестігін арттырады

ашық дереккөзі

Қазақстан мен Өзбекстан әріптестігін арттырады

Қазақстан мен Өзбекстан әскер және энергетика саласында әріптестігін арттырады. Қазақстан мен Өзбекстанның үкіметаралық комиссиялары 24 қарашада Ташкентте басқосып, әскери-техника және энергетика салаларындағы әріптестікті арттыруға келісті, деп хабарлады РИА Новости. Өзбекстанның бірінші вице-премьері Ачилбай Раматовтың айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналымы биыл 30 пайызға артып, 2 миллиард долларға дейін жеткен. "2019-2020 жылдары біз оны 5 миллиардқа дейін жеткіземіз. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Оның іргетасы бар. Барлық кедергілер жойылды десе де болады", - деп хабарлады ол. Басым бағыттар ретінде көлік, машина жасау, әскер саласы аталды. Қазақстанның бірінші вице-премьері Асқар Мәминнің хабарлауынша, тараптар Өзбекстанның Қарулы күштеріне қазақстандық түнде көруге арналған оптикалық құрылғы жеткізу шартына қол қойды. Бұған қоса Мәмин Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдау мәселелері шешіліп жатқанын айтты. Биыл тамыз айында Қазақстан мен Өзбекстанның қорғаныс министрлері алғаш рет әскер саласында әріптестік жоспарын қабылдады.