Рамзан Кадыров биліктен кетуге дайын екенін мәлімдеді

Рамзан Кадыров биліктен кетуге дайын екенін мәлімдеді

Рамзан Кадыров биліктен кетуге дайын екенін мәлімдеді
ашық дереккөзі
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров "Россия 1" телеарнасының «Действующие лица» бағдарламасына берген сұхбатында қызметтен кетуге дайын екенін, республика басшысын ауыстыратын уақыт келді деп мәлімдеген. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.  «Бұл менің арманым десе де болады. Аймақты басқарып, халық пен Жаратушының, мемлекет басшысы алдында жауапкершілік арқалау - өте күрделі міндет", – деп мәлімдеді Қадыров. Оның пікірінше, әрбір жасаған қателігі үшін "осы өмірде, келесі өмірде де" жауап беруіне тура келеді. "Мен шаршадым немесе қызмет атқарғым келмейді деп айта алмаймын. Бірақ мен оның уақыты келді деп есептеймін. Қайсыбір замандары тәртіп орнататын, соғысатын мен секілді адам қажет болды. Ал қазір қоғамда, жалпы Ресейде тәртіп пен түсіністік бар. Шешенстан Республикасында өзгеріс жасайтын уақыт келді деп есептеймін", - деп мәлімдеді ол. Қадыров өзінің мұрагеріне қатысты сауалға "оны халық шешеді" деп мәлімдеді. Саясаттан кеткен соң қандай іспен шұғылданатынын Қадыров түсіндіріп жатпады. 2016 жылы көктемде Қадыров Шешенстан президенті қызметінен кеткісі келетінін мәлімдеген, сол кезде ол басшылықта отыру мерзімі ресми түрде аяқталып қалғанын айтқан. Қадыров Шешенстанды 2007 жылдан бері басқарып отыр.