Жаңалықтар

Алматыда ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізілді

ашық дереккөзі

Алматыда ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізілді

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жанынан құрылған Дін істері жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобы Алматы қаласында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізді. Семинарлар мен кездесулерде күн тәртібіне қойылған басты мәселе  ̶  өңірдегі дәстүрлі емес діни ағымдармен қарсы күрес шараларын кешенді жүргізу. Делегация құрамына аталған саладағы жетекші мамандар мен сарапшылар кіреді. Олардың қатарында: Дін істері комитетінің дінтану сараптамасы басқармасының жетекшісі - Балғабек Мырзаев,  Ғылыми қызметкер, «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушысы- Таджибаев Серік, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының бөлім жетекшісі- Абуов Тұрар, Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері - Мұрат Сұмағұлов бар. Күн тәртібіндегі көптеген семинарлар мен кездесулер, қаладағы шаралар кешені  дәстүрлі емес діни ағымдардың таралуына қарсы іс-қимыл жүргізуге бағытталған. Әсіресе, дәстүрлі емес діни ағымдардың жақтаушыларына ерекше назар аударылып, жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сарапшылар Алматы қаласындағы мешіттер мен базарлар және вокзалдарда осы санаттағы азаматтармен жеке әңгімелесті. Сондай-ақ, осындай кездесулер түзету мекемелеріндегі сотталғандармен оның ішінде дәстүрлі емес діни ағымдардың жақтаушыларымен де болып өтті. Бұған қоса, түсіндіру жұмыстары қаладағы жалпыға ортақ білім беретін мектептерде діни киім киетін оқушылардың ата-аналарымен де жүргізілді. Кездесу барысында, Балғабек Мырзаев Қазақстанда мұсылман мешіттерінің мұнаралары, христиан храмдары мен иудейлік синагогалардың күмбездері ̶ бейбіт қатар өмір сүру үшін Қазақстан бейбітшілік және толеранттылықты негіз етіп келетіндігін тілге тиек еті. Сондай-ақ, ол мұсылман әлемі және Батыс әлемі арасындағы ашық және әділетті үнқатысуды барынша жандандыру керектігін де сөз етті. «Өткен мыңжылдықтың орта ғасырларындағы Ислам, әлемдік ғылым мен мәдениеттің дамуына едәуір салым салды. Ислам ойшылдары діни ғылымдармен қатар адам білімінің басқа да гуманитарлық және табиғи салаларының өркендетті. Бұл  ̶  фәлсафа, математика, медицина, астрономия, география. Бүгін мұсылмандар сол дәуірдегі жағдайына қайта жету үшін білім мен ғылымды игеруге ұмытылуы керек», ̶  деді  Дін істері комитетінің дінтану сараптамасы басқармасының жетекшісі. Аталған тақырыптағы дәрістерді «Сауран-ислам мәдениет орталығы мекемесі», «Имани Гүл» әйелдер жамағаты, «Шаңырақ» оңалту орталығының тәрбиеленушілері тыңдады. Жалпы алғанда, халықтың діни сауаттылығын арттыруды мақсат еткен іс-шараларға Алматы қаласының тұрғындары, өңірдегі қоғамдық кеңестің мүшелері, мемлекеттік және құқық қорғау органдары, дін, БАҚ, еңбек ұжымдары, оқытушылар, мұғалімдер, студенттер, және де оқу орындарының қызметкерлері қатысты.