85 жастағы жазушы Әбілфайыз Ыдырысов туралы «Өнегелі өмір» кітабы шықты

85 жастағы жазушы Әбілфайыз Ыдырысов туралы «Өнегелі өмір» кітабы шықты

85 жастағы жазушы Әбілфайыз Ыдырысов туралы «Өнегелі өмір» кітабы шықты
ашық дереккөзі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Өнегелі өмір» сериясы бойын­ша белгілі қоғам қайраткері, публицист, жазушы Әбілфайыз Ыдырысов туралы кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл ұлттық университетте ұзақ жыл еңбек еткен көрнекті тұлғалар жайлы жарық көрген 51-кітап.

Кітаптың тұсаукесеріне педагог-ғалым Әбілфайыз Ыдырысов, «Өнегелі өмір» сериясының бастамашысы, университет ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов, серияға жауапты ректор кеңесшісі, профессор Бауыржан Жақып және БАҚ өкілдері, ұстаздар мен студенттер қатысты.

Белгілі тұлғаның 85 жылдық мерейтойына арналған кітапқа профессор Əбілфайыз Ыдырысовтың қазақ журналистикасына сіңірген еңбегі, ғылыми мақалалар мен сұхбаттары, қажырлы қаламгер, педагог-ғалымның замандастарының лебізі, мұрағат құжаттары мен фотосуреттері топтастырылған.

«Қазақ журналистикасының ардагері, профессор Әбілфайыз Ыдырысов ағамыз биыл 85 жасқа толып отыр. Ол журналистика факультетінің түлегі. Өмірінің жарты ғасырға жуық уақытын осы жоғары оқу орнына арнады. Талай журналист мамандарды тәрбиелеп шығарды. Менің де қадірлі ұстазым. Ағамыздың өмірі мен еңбек жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Ол газетті безендіру, түрлендіру өнерінің негізін салып берген кісі. Осы салаға қатысты оқу құралдарын шығарды. Қазір технология қанша дамыды десек те, бұл кітаптар өзінің маңыздылығын жойған жоқ», – дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубек.

Әбілфайыз Ыдырысұлы 1930 жылы 23 ақпанда Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Егіндісай ауылында туған. Жазушы, журналист, педагог, тарих ғылымдарының кандидаты. Ол 800-ден астам публицистикалық мақалалар, очерктер, оқулықтар, «Қазақ журналистикасының тарихы», «Очерк журналистика жанры ретінде», «Баспа өнімдерін әсемдеу», тағы басқа да пәндер бойынша әдістемелік құралдар дайындаған ұстаз. Әбілфайыз Ыдырысов қазақ оқырмандарына «Таңшолпан» деректі романының авторы ретінде де кеңінен танымал жазушы.

DSC_3577 DSC_3697 DSC_3623DSC_3716 DSC_3517 DSC_3501

DSC_3758