Жаңалықтар

Мысыр мешітіндегі терактіден 305 адам қаза тапты

ашық дереккөзі

Мысыр мешітіндегі терактіден 305 адам қаза тапты

Мысырдағы мешіттердің біріне лаңкестік шабуыл жасалды. Террористер жұма намазы кезінде бомбаны жарып жіберген, қашып құтылғысы келген адамдарды сырттағы екінші топ атып тастаған.    Соңғы мәлімет бойынша қаза тапқандар саны 305 адамға жетті, олардың арасында 27 бала бар. Тағы 128 адам жарақат алды. Қазақстан СІМ мәлімдегендей, біздің еліміздің азаматтары терактіде зардап шеккені туралы мәлімет түскен жоқ.