Жаңалықтар

Астанада автобус қарияны қағып кетіп, мерт қылды

ашық дереккөзі

Астанада автобус қарияны қағып кетіп, мерт қылды

Астанада автобус қағып кеткен жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«25 қарашада сағат 20:30-дар шамасында Мұңайтпасов көшесінде болған жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Қажетті сараптама тағайындалған», - деп мәлім етті елордалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қолышбекова.

ІІД-нің хабарлауынша «қоғамдық көлік жүргізушісі жолдың белгіленбеген жерінен кесіп өтпек болған жүргіншіні қағып кеткен».

Жол апатынан 1955 жылғы ер адам оқиға орнында көз жұмды.