Отандық көліктердің қайсысы зор сұранысқа ие?

Отандық көліктердің қайсысы зор сұранысқа ие?

Отандық көліктердің қайсысы зор сұранысқа ие?
ашық дереккөзі
Қазақстан азаматтары арасында елімізде құрастырылған қандай көлік зор сұранысқа ие екендігі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «ҚазАвтоӨнеркәсіп» Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы таратқан ақпаратқа қарағанда, қаңтар-қазан айлары аралығында елімізде құрастырылған жеңіл көліктердің арасында Lada (7413 бірлік), Hyundai (1605), KIA (1544), Chevrolet (1168 )  JAC (562) үлкен сұранысқа ие болған. Мұнан бөлек, отандық кәсіпорындар республика тұрғындарына мынадай көлік түрлерін де ұсынған: Ravon (500 бірлік), SsangYong (251), Skoda (236), Peugeot (151) және Geely (27). Жалпы осы жылдың 10 айында Лада көлігінің мынадай модельдері сатылған: Lada 4x4 (3332 бірлік), Lada Granta (1394),  Lada Largus (1263) және Lada XRAY (398). Мұнан бөлек, қазақстандықтар арасында Hyundai көлігінің де дәурені жүріп тұр. Сәйкес кезеңде 718 Hyundai Elantra, 706 Lada Vesta және 685  Hyundai Tucson сатылған.  Сондай-ақ, 447 Ravon Nexia, 417 Chevrolet Cruze,  409 JAC S3 көлігі өз иелерін тапты.