Қарызға батқан Өскемен трамвай паркінің жұмысы қашан тоқтатылады?

Қарызға батқан Өскемен трамвай паркінің жұмысы қашан тоқтатылады?

Қарызға батқан Өскемен трамвай паркінің жұмысы қашан тоқтатылады?
ашық дереккөзі
22 қарашада қарызға батқан Өскемен трамвай паркіне электр қуатын беруді тоқтатуы кейінге қалдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазір «Өскемен трамвай паркі» ЖШС мен «Шығысэнерготрейд» энергетиктері арасында тасымалдаушының қарызын жабу графигі бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Қарыздың көлемі 60 млн теңге. Бұрын хабарланғанындай, «Шығысэнерготрейд» ЖШС трамвай паркіне 22 қараша күні сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін электр энергиясын беруді шектеуді жоспарлаған болатын. Қаланың коммуналдық қызметтері трамвай тоқтаған жағдайда жаңа автобус бағыттарын ашуды көздеп отыр. Бұл жайлы жергілікті БАҚ-та толыққанды айтылды. Қала тұрғындарының сұранысына орай трамвай бағыттарының 95%-ын қамтитын автобус бағдарлары шығарылды. Өскемен жолаушы тасымалын басқару орталығы берген ақпаратқа қарағанда, жаңа бағыттар трамвай тоқтатылған мерзімде қызмет көрсете отырып, кейін тұрақты бағдарда қалуы ықтимал.