Жаңалықтар

Экстремизге қарсы күрес күшеймек

ашық дереккөзі

Экстремизге қарсы күрес күшеймек

Дін саласындағы өзекті мәселелер: діни сауаттылықты арттыру, деструктивті діни қағидаларға, экстремизмге қарсы күрес шаралары турасында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жанынан құрылған Дін істері жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобының Солтүстік Қазақстан облысына жасаған сапарында кеңінен сөз болды. Ақпараттық-түсіндіру тобының құрамында: ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің бас сарапшысы -Шериязданов Бауыржан, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының басшысы - Есенова Диана,  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің Дін істері жөніндегі ғылыми-талдамалық орталықтың меңгерушісі - Галина Николаевна, «Нұр Мүбарак» университетінің докторанты, дінтанушы - Бертімұратов Жолдас, Ақмола облыстық «Конфессияаралық қатынастарды талдау мен  дамыту орталығы» директоры - Сатыбалдина Гүлнұр бар. Жиынға қатысушылар радикализмге қарсы күрес жүргізу шараларын, мемлекеттік органдардың өзара тиімді қарым-қатынас орнатуын, қоғамдық ұйымдар мен діни бірлестіктердің жай-күйін талқыға салды. Бұған қоса, жиында мемлекет азаматтардың құқықтық ар-ождан бостандығын қамтамасыз етіп, елімізде тіркелген діни бірлестіктердің алаңсыз жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасап отырғандығы, осы ретте, Елбасының жарлығымен әзірленіп, бекітілген, аса маңызды стратегиялық құжат саналатын Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасы да кеңінен сөз болды. Сарапшылардың айтуынша,  аталған құжат – мемлекет пен дін арасындағы жүйені қалыптастырып, қарым-қатынастар пен көзқарастарды айқындайды. Сонымен қатар, дін саласындағы заң жобасына енгізілген негізгі өзгерістерді түсіндіру мақсатында қаладағы діни бірлестіктердің өкілдерімен жеке кездесулер ұйымдастырылды. Осындай кездесулер облыстағы түзету мекемелеріндегі сотталғандармен оның ішінде дәстүрлі емес діни ағымдардың жақтаушыларымен де болып өтті.  Оның ішінде №164/6 әйелдер колониясында «экстремизм» бабы бойынша сотталғандармен жеке кездесу өтіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы алғанда, халықтың діни сауаттылығын арттыруды мақсат еткен іс-шараларға Петропавл қаласы, Мамлют және де М. Жұмабаев аудандарының тұрғындары, өңірдегі қоғамдық кеңестің мүшелері, мемлекеттік және құқық қорғау органдары, дін, БАҚ, еңбек ұжымдары, оқытушылар, мұғалімдер, студенттер қатысты.