Жаңалықтар

Ауғанстанда есірткі өндірісі рекордтық деңгейге жетті

ашық дереккөзі

Ауғанстанда есірткі өндірісі рекордтық деңгейге жетті

Биыл Ауғанстанда апиынды көкнәр өндірісі рекордтық деңгейге жеткен. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.  Ауғанстанның есірткімен күрес министрінің орынбасары Ахмад Джавид Каим агенттікке берген сұхбатында нашаның Ауғанстанға ғана емес күллі әлемге қауіп төндіріп отырғандығын айтып берді. «Ауғанстанда апиынды көкнәр өндірісінің өсуіне әлем бойынша оны тұтыну сұранысының өсуі, қаржылық және техникалық қолдаудың жетіспеуі, жауапты тұлғалар жұмыстарының нашар ұйымдастырылуы, наркомафияның оппозициялық топтармен ымыраласу факторлары себеп болып отыр», - деді Каим. Министр орынбасарының сөзіне қарағанда, 2017 жылы елдегі апиынды көкнәр өндірісі рекордтық көрсеткішке жеткен. «Есірткімен күресте  барлық елдер тізе қосып күресу қажет, әйтпесе наркотерроризм күллі әлемге қауіп тудырмақ», - деп атап өтті ауған өкілі.