Талдықорғанда қоғамдық көлікте жол ақысы қымбаттайды

Талдықорғанда қоғамдық көлікте жол ақысы қымбаттайды

Талдықорғанда қоғамдық көлікте жол ақысы қымбаттайды
ашық дереккөзі
Талдықорғанда қоғамдық көлікте жол жүру қымбаттайды. Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 60 теңгеден 80 теңгеге дейін қымбаттату туралы шешімді қолдады.  Бұл туралы қала мәжілісінің кезектен тыс өткен XXIV сессиясы кезінде беліглі болды. Жол ақысын бірден 20 теңгеге қымбаттату туралы мәселені Талдықорғанның автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы секторының басшысы Қуат Қаниет көтерді. Оның сөзінше, жанармай мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауы жолақысын көтеруге басты себеп болып отыр. Сонымен бірге, ол жолақысының екі жылдан бері өспегенін, ал тасымалдаушылар шығын көріп жатқанын атап өтті. Мәслихат хатшысы Қайрат Бұлдыбаев тұрғындардың қызмет сапасына жасаған арыздарын ескере отырып,  мұндай шешімді қолдамады. "Біз сайлаушылармен жиі кездесеміз. Олардың негізігі сұрақтары - лас автобустар мен жүргізушілердің дөрекілігі. Бағаны көтереді екенсіздер, қызмет көрсетуді де жақсартыңыздар. Ол лас автобустарды өзіміз де көшеден көріп жүреміз", - дейді ол.  Дегенмен дауыс беру кезінде депутаттар бұл бастаманы қолдап, жолақысы 80 теңгеге өсірілді. Жол құны жаңа жылға дейін өзгереді.