Қазақстанда 15 мыңнан астам ерекше көлік нөмірлері сатылды

Қазақстанда 15 мыңнан астам ерекше көлік нөмірлері сатылды

Қазақстанда 15 мыңнан астам ерекше көлік нөмірлері сатылды
ашық дереккөзі
Қазақстанда 15 мыңнан астам ерекше көлік нөмірлері сатылды. Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары ел аумағында қанша ерекше көлік нөмірлері сатылғаны жайлы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко ел аумағында автокөлікті тіркеу мен жүргізуші куәлігін беруге арналған 14 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру тұрғындар үшін қолайлы болғанын атап өтті. «Осы орталықтар арқылы тек 2017 жылдың қаңтар-қазанында 314 мыңнан астам жүргізушілік куәліктері беріліп, 1 миллион 218 мыңнан астам автокөлік тіркеуге тұрғызылды немес тіркеуден шығарылды»,- деді ол. Осы орайда Мәжіліс төрағасының орынбасары аталған мамандандырылған орталықтардың мүмкіндігімен бүгінде адамдардың уақытын үнемдеуге, саладағы сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоюға жағдай жасалғанын жеткізді. «Үш жылда Ішкі істер министрлігі мамандандырылған ХҚКО-лар арқылы 15 760 ерекше көлік нөмірлерін сатып, бюджет пайдасына 5 миллиард 548 миллион теңге түсірді. Атап айтқанда, алдағы жылы осындай халыққа қызмет көрсету орталықтары Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында ашылады, сонымен қатар Шығыс Қазақстан мен Атырау облыстарында құрылысы басталады»,-деді В. Божко.