Жаңалықтар

Үндістан сапары: Делиден Раджастанға дейін...

ашық дереккөзі

Үндістан сапары: Делиден Раджастанға дейін...

Алматы мен Дели арасының жақындай түскеніне 13 жыл. «Эйр астана» әуе компаниясы күніне бір уақ Алматы – Дели – Алматы  бағытында жолаушы тасымалдайды. 2004 жылдың қыркүйек айы мен 2017 жылдың қазан айы аралағында осы бағытта 500 мың жолаушы қатынап, 555 тонна жүк тасымалданған. Ал ағымдағы жылдың соңғы он айында 68 мың 623 жолаушы қатынаған. Олардың басым көпшілігі Санкт-Петербург, Мәскеу, Бейжің, Стамбұл, Киев, Үрімші, Тбилиси және Қазақнға жол тартқандар. Биыл Астана қаласынан да Дели бағытына рейс ашылып отыр. Әуе компаниясының  қызметін пайдаланатын жолаушы ағыны өте көп. Бұл көрсеткіш жылдан жылға ұлғайып келеді. Үндістанға сапарымызда осыған тағы бір рет көз жеткіздік.  Біз Делиге түс әлеуетінде қондық. Шаң ба, түтін бе белгісіз, көкте күн көрінбеді, бұлт та жоқ. Делидің өте лас қала екенін бұрын да естігем, бірақ қарсы алдыңдағы ғимараттың өзі мұнартып қана көрінеді деп ойламаппын.  Бәрібір шығыс үлгісіндегі қала көшелері өте әдемі. Шынар ағаштары, пальмалары мен тропиктік өсімдіктер, сан түсті сарилер көздің жауын алады. Көшедегі қарбалас түнгі екіге дейін тыйылмайды. Көше бойын толтырған жайма базарлардың санында шек жоқ. Мемлекет халықты тегіс жұмыспен қамти алмайды, сондықтан қолынан келгенше кәсіп қылып, күнін көруге мәжбүр. Бұрыш-бұрышта аяқ киім тазалау, велосипед жөндеу, желін үрлеу, тамақ сату, шырын сату, көше сыпыру әйтеуір ек қолға бір ермек, бос жүрген адам көрмейсің. Барлығы еңбектеніп отыр. Сіңірі шыққан кедейлер көп. Байлар да аз емес. Forbes  тізімінде миллиардерлер саны бойынша әлемде үшінші орында. Зәулім үйлер мен салтанатты сарайлар көп емес, есесіне ескі лашықтар, жауын мен желден ғана қорғайтын, қисық-қыңыр жаппалар жетерлік. Қоқыс, қалдық, шаң-тозаңнан көз ашпайсың. Тіпті көктегі күнді көру қиын. Дәл осы уақытта қараша мен желтоқсан айы – қыс мезгілі. Бұл кезде екінші жиын-терін аяқталып, алқаптар тамырымен өртеледі, жауын маусымы болмағандықтан, жел жоқ. Қалдағы көліктер санының артуы ауадағы қара түтінді еселей түседі екен. Осы үш фактор Делиді екі ай бойы қап-қара шаңға бөгеді. Дели қаласындағы ең танымал орындардың бірі – Құтыб-минар. Бұл Делидегі, жалпы үнді жеріндегі ең алғашқы мешіт. 1101 жылы ауған шапқыншылары солтүстік Үндістанды жаулап алған соң, Делидегі жайнизм, буддизм, индуизм ғибадатханаларын қиратып, соның материалдарынан алғашқы мешітті салды. XXI ғасырға дейін бұл Делидегі ең үлкен мешіт болған. Ауған билеушісі Құтыбтың атымен аталған мұнара күні бүгінге дейін әлемдегі ең биік мұнара. Мұнара бой көтергеннен кейін арада жүз жылдан соң басқа билеушілер жанынан екінші мұнараның құрылысын бастайды, өкінішке қарай сұлтанның өлімінен кейін іргетасы ғана қаланған құрылыс  сол күйі аяқталған жоқ. Ең қызығы, тоғыз ғасырлық тарихы бар ескерткішке келушілер көп. Жергілікті халықтың өзінен-ақ аяқ басатын жер жоқ. Өйткені жергілікті халыққа кіру ақысы 30 рупи болса, туристерге 500 рупи. Әйгілі қолбасшы, ұлы моғол билеушілерінің Бабырдың ұлы Хумаюн кесенесін көрудің сәті түсті. [caption id="attachment_43946" align="alignnone" width="300"]Бабырдың шөбересі, шах Жаһанның Мұмтаз патшайымға арнап салдырған кесенесі шынымен көз қызықтырады. Ақ мәрмәр мен асыл тастардан соғылған кесене XVI ғасырдағы сәулет өнерінің жетістігі. Сүйікті әйелі қайтыс болған соң, қайғыдан қан жұтқан шах ақ мәрмәрдан кесене салдырады. Кесене құрылысы 22 жылға созылған. Тәж махалға қарсы беттен өзіне арнап, қара мәрмәрдан кесене тұрғызбақшы болады. Арнайы жер де бөліп, іргетасын құйған көрінеді. Бірақ, үлгермей қалады. Өйткені мемлекеттің бар қазынасын жалғыз кесенеге жұмсаған императорды балалары тақтан тайдырып, есінен танған шахты өз қамалында қамауда ұстайды. Сегіз жыл бойы өз сарайында Тәж Махалға қарап отырған шах соңғы рет ақ мәрмәрлі кесенеге қарап, көз жұмады. Қазіргі таңда Үндістанның аса көрнекті жерлерінің бірі – Тәж махал Үндістан туризмінің төресіне айналған. Мемлекет қазынасына айтарлықтай пайда түсіріп отыр. Үшғасырлық құрылыс кешеніне газбен, жанармаймен жүретін көліктерді жақындатпайды. Арнайы электрмобильдері бірнеше шақырым жерден туристерді тасып отырады. Өйткені кесене смок пен түтіннен сарғайып, мәрмәрді кірлетіп жіберетін көрінеді. Сондай-ақ Агра қаласындағы тарихи ескерткіштердің бірі – Қызыл қамалдың сәні ерекше. Қызыл кірпіштен соғылған қамалды Акбар патша өзі салдыртқан. Сансыз сарайлары мен мұнаралары, бақтары мен бұрқақтары бар қамалда Акбардың баласы Жаһангир, оның баласы шах Жаһан тұрған. Қамал Болливудтың талай тарихи картиналарында көрініс тапқан. Төрт күн ішінде үнді үштағанын көріп үлгердік. Қала арасында қатынайтын шағын авиация дамымаған. Небәрі екі жүз шақырымдық жол бес-алты сағатқа созылады. Ал қалалардағы сансыз рикша, туктук пен велосидедшілер ығы-жығы қозғалады. Бағдаршам анда санда бір кездеседі. Жол жүру ережелері мүлде сақталмайды. Осының барлығына қарамастан Үндістан сапары әдемі естеліктерімен есте қалды. «Бояулар елінің» әсерлі де жылы сапары мәңгі естен кетпес. Алматы - Дели - Агра - Жайпур - Дели - Алматы