Швециялық өнертапқыш адам ағзасын басып шығаратын 3D-принтер жасады
Швециялық өнертапқыш адам ағзасын басып шығаратын 3D-принтер жасады
Cellink стартапын ойлап шығарған Эрик Гатенхольм арнайы 3D-принтер арқылы адам ағзасын басып шығаруға болатынын көрсетті. Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.
28 жастағы швециялық өнертапқыш 20 жылдан кейін аталмыш технологияның көмегімен ауыстырып салуға болатын адам ағзалары шығарылатынына сендірді.
Cellink-те органикалық жасушалардан құралған «биосия», яғни басып шығаруға арналған сұйықтық шығарылады. Бұл сия Швеция ормандарынан табуға болатын целлюлозадан және теңіз балдырларынан алынатын альгин қышқылдарынан жасалады.
Компания әлемде бірінші болып ғаламтор арқылы адам жасушаларының кез келген типімен араластыруға болатын стандартталған сияны сатылымға шығарды.
«Бастапқыда біз медицина әлемін өзгертуді мақсат тұттық. Сонымен қатар біздің технологиямыздың әлем лабораторияларында қолданылғанын қаладық», – дейді Гатенхольм.