Оралда ономастика және көрнекі ақпарат мәселелері талқыланды

Оралда ономастика және көрнекі ақпарат мәселелері талқыланды

Оралда ономастика және көрнекі ақпарат мәселелері талқыланды
ашық дереккөзі

Орал қаласында «Ономастика және көрнекі ақпарат мәселелері» атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Жиында сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің қате жазылуы, мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттардың жүйелі сипат алмауы сынды мәселелер талқыланды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастырған дөңгелек үстелге, зиялы қауым өкілдері, Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, тәуелсіз сарапшылар, тиісті орталық атқарушы органдардағы жарнама саласына жауапты мамандар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары, қоғамдық бірлестіктер мен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, БҚО аудан әкімдерінің орынбасарлары және ономастика саласымен айналысатын бөлім басшылары, сондай-ақ бірқатар Республикалық БАҚ-тардың өкілдері қатысты.

Тіл мамандары жиында, жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың сауаттылығын қадағалау, тілін реттеу, жүйелеу, олардың қолданыстағы заңнама талаптарына сай ресімделуіне әдістемелік көмек көрсетудің жолдарын ұсынды. Сондай-ақ, өңірлерден келген қатысушылар өзара тәжірибелерімен алмасып, жиі кездесетін олқылықтарды жоюдың жолдарын қарастырды.

Ономастика және көрнекі ақпарат мәселелеріне арналған талқылауға, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Серік Сәлемов, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, Абайтанушы, ф.ғ.д., профессор, академик Мекемтас Мырзахметұлы сынды зиялы қауым өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында жасалған баяндамалар мен айтылған пікірлер негізінде Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан іс-шара бойынша ұйғарым жасалынып, жергілікеті атқарушы органдарға қызмет бабында пайдалануға беру қарастылды. Сондай-ақ аталған дөңгелек үстел «Ономастика саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді реттеу» тақырыбында ертең өз жалғасын табады.

image-28-05-15-02-52 image-28-05-15-02-52-1 image-28-05-15-02-52-2 image-28-05-15-02-52-3