Туристер үшін аса қауіпті елдерді білесіз бе?

Туристер үшін аса қауіпті елдерді білесіз бе?

Туристер үшін аса қауіпті елдерді білесіз бе?
ашық дереккөзі
International SOS медициналық сервистік компаниясы саяхатшылар үшін ең қауіпті және қауіпсіз елдер белгіленген интерактивті картасын  жасады.
Компанияның сайтына жүктелген картада мемлекеттер туристер үшін қауіптіліктің деңгейіне байланысты түрлі түстермен белгіленген және оның мағынасы да көрсетілген. width= ​​Саяхаттау үшін аса қауіпті елдер қызыл түспен боялған. Олар: Сирия, Мали, Ливия, Оңтүстік Судан, Йемен, Ауғанстан және Сомали жатады. Туристерге барынша қауіпсіз саналатын елдер жасыл түспен көрсетілген, олар – Финляндия, Норвегия және Исландия. Қазақстан, Ресей, Қытай, Бразилия «қауіптілік деңгейі тез өзгеретін» елдерге жатқызылған. Сары түспен айшықталған Қара теңіз маңында орналасқан Түркия, Украина сияқты мемлекеттердің қауіптілік деңгейі орташа саналады. Қызғылт сарымен белгіленген қауіпті елдер қатарында Өзбекстан, Моңғолия және Африканың бірқатар елдері бар.