«Назарбаев моделі»: Жаңа кітап Елбасының ширек ғасырдағы еңбегі жайлы

«Назарбаев моделі»: Жаңа кітап Елбасының ширек ғасырдағы еңбегі жайлы

«Назарбаев моделі»: Жаңа кітап Елбасының ширек ғасырдағы еңбегі жайлы
ашық дереккөзі
«Назарбаев моделі» кітабы жарық көрді. Бұл кітапта Елбасының 1991-2016 жылдар аралығында атқарған қызметі мен мемлекеттің дамуына үлес қосқан бағдарламалары топтастырылған, деп жазады 24.kz.  Екі мың дана болып шығарылған басылым – үш бірдей автордың ортақ еңбегі. Кітаптың орыс тіліндегі нұсқасы өткен жылы Астанада таныстырылған болатын. Ал қазақ тіліндегі кітап Алматыда өтіп жатқан «Назарбаев моделі» ғылыми конференциясында таныстырылды. Қазыбек Майгелдинов, Елбасы кітапханасының аға ғылыми қызметкері: - Осы кітапта негізгі Елбасының ұсынған бастамалары жалпы тарауларға бөлініп, негізгі нәтижелері көрсетілген. Ал кітаптың деректемелік негіздеріне келетін болсақ, бұл кітаптың тағы бір маңыздығы бұл сараптамалық тілде жазылып отыр. Әлемдік Фич, Маккензи секілді әлемдік дереккөздер пайдаланылған.