2016 жылы 40 млн адам құлдықта болған

2016 жылы 40 млн адам құлдықта болған

2016 жылы 40 млн адам құлдықта болған
ашық дереккөзі
Лондонда өткен халықаралық конференцияда құлдық мәселесі талқыланды, деп хабарлайды 24.kz. Жиынға адам құқығын қорғаушылар, заңгерлер мен ірі компаниялардың және бірқатар ел үкіметінің өкілдері келді. Статистикаға сүйенсек, былтыр 40 млн адамның құл ретінде ұсталғаны тіркелген. Оларды күштеп ауыр жұмыс жасатып не тән саудасымен айналысуға мәжбүрлеген. Құлдық мәселесі барлық елді қамтыған, тіпті Ұлыбританияны да. Британ тәртіп сақшылары адам саудасына қатысты ондаған істі тергеп, мұндай қылмыстарды әшкерелеу мақсатында арнайы операциялар жүргізіп жатыр. Конференцияға қатысушылар құлдықты жоюдың жолдары мен адам құқығын қорғау мәселесін талқылады. Кездесуде басты назар Қытайда болды, өйткені конференцияда келтірілген статистикаға сәйкес, бұл елде 2016 жылы 3 млн 400 мың адам құлдықта болған.