Цифрлық телеарна қашан ашылады?

Цифрлық телеарна қашан ашылады?

Цифрлық телеарна қашан ашылады?
ашық дереккөзі
Қазақстанда цифрлық телеарна қашан ашылатыны белгілі болды. ҚР  Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев цифрлық телеарна қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ведомство басшысы цифрлық форматқа көшу үшін арнайы құрал-жабдықтар орнатылуы тиіс екендігін айтты. «Тиісті дәрежеде қаржыландыру болса 2020 соңында көшуіміз керек. Құпия түрінде айтайын, жаңа заң жобасында Қазақстандағы цифрлық телеарнаның дамуына кедергі келтіретін норма бар еді. Атап айтқанда, цифрлық хабарландыруды енгізу үшін республиканың барлық өңірлерінде бірдей қосу талабы бар еді. Бұл норманы алып тастаймыз. Цифрлық телеарналар белгілі бір аймақтарда қанатқақты жоба ретінде іске қосылатын болады», - деді Дәурен Абаев «Медиақұрылтай-2017» жиыны барысында. Министрдің айтуынша, цифрлық телеарнаны қосуға бірнеше аймақ тас түйін дайын. «Заң жобасы қабылданған жағдайда келер жылдың жартысында 2-3 облыста цифрлық телеарнаға көшетін болады», - деді Дәурен Абаев.