Матаев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды

Матаев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды

Матаев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды
ашық дереккөзі
Қапшағай қалалық соты Қазақстан Журналистер одағының бұрынғы басшысы Сейітқазы Матаевты мерзімінен бұрын бостандыққа шығару туралы өтінішті қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сейітқазы Матаевтың адвокаттары өздерінің қорғалушысының жазасын өтеу мекемесіндегі оң мінездемесі үшін және қазан айының соңында Матаевтың 63 жасқа толып, зейнетке шығатын жасқа келгенін айта отырып, оны мерзімінен бұрын бостандыққа шығаруды сұраған. Сондай-ақ, іс материалдарына дәрігерлердің Сейітқазы Матаевтың жағдайының жақсармағаны жайлы жазған анықтамалары қосылды. Дәрігерлер оған гипертониялық криз диагнозын қойған. Сейітқазы Матаев сот отырысына видеоконференция арқылы қосылды. Айта кетейік, Матаевтың ұлы -  Әсет Матаевқа қатысты іс 2018 жылдың ақпанында қаралатын болады. Мемлекеттік прокурор сот үкіміне  қарсы шықпаса, үкім 15 тәулікте заңды түрде күшіне енеді. Осыған дейін Матаевтың мемлекеттік тапсырыстарды орындау барысында ақша жымқырды деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. Сейітқазы Матаев ҚР ҚК-нің 190-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы және 245-бабы, 3-бөлімі бойынша, сондай-ақ ҚР ҚК-нің (16.07.1997 жылғы редакция) 177-бабының 4-бөлімінің "б" тармағы бойынша айыпталуда. Астананың аудандық сотына Сейітқазы Матаевтың ұлы - Әсеттің де ісі жіберілген, оған ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша айып тағылған болатын.