Дариға Назарбаева жаңа қызметке келді
Дариға Назарбаева жаңа қызметке келді
Дариға Назарбаева жаңа қызметке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева ҚР Сыртқы істер министрлігі қызметінің мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің жаңа төрайымы болып сайланды.
"Дариға Назарбаева осы лауазымда Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімованы ауыстырып, Б.Әйтімоваға Кеңесті басқара отырып атқарған жұмысы үшін алғыс білдірілді. Өзінің кіріспе сөзінде Дариға Назарбаева осы саладағы заманауи талаптар мен жаһандық трендтерге жауап беретін сыртқы саяси ведомство мен азаматтық қоғамның тікелей байланысын қамтамасыз ету Қоғамдық кеңестің басты міндеті болып қалатынын атап өтті", - деді СІМ баспасөз қызметіндегілер. Ведомство басшысы басты тақырыптары Орталық Азия және Ауғанстан бойынша қарарды ілгерілету, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері болып табылатын 2018 жылдың қаңтардағы БҰҰ ҚК-дегі Қазақстан төрағалығына дайындығы туралы хабарлады. Сондай-ақ, биыл 25-жылдығы атап өтілетін Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің нығайтуы мен дамуына қосқан үлесі үшін Дариға Назарбаеваға тиісті мерейтойлық медаль табыс етілді. Ведомство мәліметінше, қоғамдық кеңестің ҚР СІМ қызметінің мәселелері жөніндегі кезекті отырысы 2018 жылдың көктеміне жоспарланды