ҚР Премьер-Министрі Huawei компаниясының өкілдерімен кездесті
ҚР Премьер-Министрі Huawei компаниясының өкілдерімен кездесті
ҚР Премьер-Министрі Huawei компаниясының өкілдерімен кездесті. Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев компания вице-президенті Эми Лин бастаған Huawei Technologies өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында компаниямен еліміздің телекоммуникация саласында бірлескен инновациялық жобаларды іске асыру мәселесі талқыланды. Айта кетерлігі, Huawei Technologies 1988 жылы ҚХР-да құрылған, штаб-пәтері Шеньчжень қаласында орналасқан. Бүгінде әлем бойынша 12 өңірлік өкілдігі қызмет көрсетеді. Компания өнімдері әлемнің 170-тен астам еліне шығарылады. Қазақстанда Huawei компаниясының өкілдігі 1998 жылы құрылған. Компанияның Қазақстандағы қызметі Huawei корпорациясының барлық үш бизнес-тобын қамтиды.