Нью-Делиде оқушылар ереуілге шықты

Нью-Делиде оқушылар ереуілге шықты

Нью-Делиде оқушылар ереуілге шықты
ашық дереккөзі
Үндістанның Нью-Дели қаласында мектеп оқушылары ереуілге шықты, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, ереуілге шыққан оқушылар шаһардағы ауаның күннен-күнге ластанып бара жатқанына жергілікті биліктің назарын аудармақ. Өйткені ел астанасы соңғы екі аптадан бері көк түтінмен тұмшаланған. АҚШ мамандарының есебінше, бүгінде мұнда ауадағы улы газдардың мөлшері қалыпты деңгейден бірнеше есе асып кеткен. Осыған байланысты өткен аптада Нью-Дели басшылығы Денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай жариялады. Сондай-ақ қаладағы барлық құрылыс жұмыстарын тоқтатуға бұйырды. Көлік қозғалысына да тыйым салынды. Бірақ бұл қадамдар түтіннің сейілуіне сеп болмады. Енді тұрғындардың тамақты қабатын ауамен тыныстаудан басқа амалы жоқ. Ал аспанның қашан ашылатыны туралы ешкім дөп басып айта алмай отыр. Аймақтағы ауаның ластануына көрші штаттардағы шаруалардың да зияны тиген. Олар жиын-терім науқанын аяқтағаннан кейін, келесі жылға жерді дайындау үшін алқаптарға от қойған.