Қазақ-қырғыз шекарасында 29 заң бұзушылық анықталды
Қазақ-қырғыз шекарасында 29 заң бұзушылық анықталды
Үстіміздегі жылдың 10 қазанынан бері Еуразиялық экономикалық одақ ветеринария саласындағы заңнама талаптарына сай келмеуіне байланысты Қазақстан-Қырғызстан шекарасында 29 заң бұзушылықты анықтаған, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Арнаның хабарлауынша, анықталған заңбұзушылық нәтижесінде Қырғызстанның 5 бірдей сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорын тауарларының әкелуіне тыйым салынды. Ресми мәліметке сүйенсек, өнімдерді заңсыз тасымалдаудың 17 дерегі, ветеринарлық құжат талаптарына жүгінбегендердің 11 дерегі анықталды. Салдарынан аталған заңбұзушылыққа байланысты 1 миллион 203 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.
Бұл ретте тиісті сала мамандары фитосанитария талаптары да жіті бақылауда екенін атап өтті. Бұған карантиндік талаптарға сай келмеген 22,3 тонна өнімнің Қырғызстанға кері қайтарылуы дәлел.
«Шағын және орта бизнеске әрине бизнестің ашық болғаны, ешқандай кедендік кедергілердің болмағаны пайдалы. Сондықтан олар әрине ренжиді. Еркін өтсек деп. Бірақ заңның болуы басты құндылық қой. Заң болмаса, қандай мемлекет болмасын әлсірейді. Түптің түбінде сол бизнестің тас талқан болуына әкелуі мүмкін», – дейді саясаттанушы Сайын Бөрібасов.