«Bala Turkvizyon» байқауына іріктеу басталады

«Bala Turkvizyon» байқауына іріктеу басталады

«Bala Turkvizyon» байқауына іріктеу басталады
ашық дереккөзі

Түркі тілдес елдер тарихында алғаш рет халықаралық балалар ән байқауы бастау алмақ. Ән байқауы «Bala Turkvizyon» деп аталады.

Тұңғыш рет қолға алынып отырған байқауға түркі әлемінің 20-дан астам елінен талантты балдырғандар қатысады. «Bala Turkvizyon» байқауының басты мақсаты – балалардың жан-жақты дамуына қолдау көрсету, жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, оларды сақтау және нығайту. Халықаралық жобаның тұсауы 30 мамыр күні Алматыда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концертте кесіледі. Осыдан кейін түркі ьілдес елдердің барлығында балалар арасында байқауға іріктеу туры басталады деп күтілуде. Ал Қазақстандағы іріктеу туры 8 маусым мен 1 тамыз аралығында өтпек. Отандық эстрада жұлдыздарынан құралған 16 тәлімгер республиканың 14 облысы мен Алматы және Астана қалаларына барып, 8-13 жас аралығындағы таланттарды іздейтін болады. Осы іріктеуден өткен 16 дарынды бала Алматы қаласына шақырылып, өнер саласындағы ұстаздардан вокалдық және әртістік шеберлікті, сахнадағы қозғалыстар мен хореографияны меңгереді. Ал «Bala Turkvizyon-2015» ұлттық байқауының финалы Астана қаласында өтеді. Сөйтіп, жеңімпаз халықаралық «Bala Turkvizyon-2015» байқауына жолдама алады. Аталмыш байқау «Жандану әлемі» қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаеваның қамқорлығымен ұйымдастырылуда. Ал халықаралық байқаудың финалдық кезеңі Түрікменстанның Мары қаласында өтеді деп жоспарланған.