Өзбекстанда бензин бағасы күрт көтерілді
Өзбекстанда бензин бағасы күрт көтерілді
Өзбекстанда 15 қарашадан бастап жанармай бағасы шамамен 40 пайызға қымбаттады, деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары. Тиісті қаулыны үкімет 14 қарашада қабылдаған. Бұл ақпаратты «Өзбекмұнайгаз» растады, деп жазады centralasian.org.
Құжатқа сәйкес, АИ-80 маркалы бір литр бензин бағасы 1000 сумға қымбаттап, 3800 сум (шамамен 47 цент) болады. АИ-91 бензині 4300 сум тұрады. Мұндай баға республикадағы барлық жанармай құю бекеттеріне орнатылады.
Хабарларға қарағанда, мұндай шешім қабылдауға республикадағы жанармай тапшылығы әсер еткен. Бұл мәселені шешу үшін "Өзбекмұнайгаз" ұлттық холдинг компаниясы бензин құнын өсіруге шешім қабылдады.
Мемлекеттік компания мұндай қадам нарықты алыпсатарлардан тазартуға мүмкіндік береді.
Өзбекстан үкіметі жыл сайын бензин бағасын өсіріп отыр. Мысалы, 2016 жылы оның құны екі мәрте өсірілді.