Күдіктіні қамауда ұстау уақыты қысқармақ

Күдіктіні қамауда ұстау уақыты қысқармақ

Күдіктіні қамауда ұстау уақыты қысқармақ
ашық дереккөзі
Бұдан былай күдіктіні қамауда ұстау мен тергеу уақыты 72 сағаттан 48 сағатқа қысқаруы мүмкін. Осындай өзгеріс енгізуді көздейтін  заң жобасы Мәжілісте талқыланып, екі оқылымда да мақұлданды. Бас прокурор Жақып Асанов депутаттарға  «Құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері туралы» заң жобасын ұсынды. Соған сай күдіктінің қылмыс жасағаны екі тәулік ішінде дәлелденіп, сотқа жөнелтілуі тиіс. Бұл біріншіден, азаматтардың құқығын қорғауға барынша жағдай туғызады, тергеу процесін жылдамдатады және құқық қорғау органдарының жауапкершілігін күшейтеді. Міне, жаңа заң жобасы осы 3 бағытқа басымдық береді. Яғни тергеушілер 48 сағат ішінде тиісті амалдарды жасап үлгермесе күдіктіні қамаудан босатуға міндетті болады. Кәмелетке толмағандар үшін де  бұл уақыт екі есе қысқарып, 24 сағат деп белгіленді. Құжаттың тағы бір жаңашылдығы бар. Заң қабылданса, экономикалық қылмыс жасағандар қамауға алынбайды. Алайда бұл жеңілдік  жалған ақша жасау, ұйымдасқан қылмыстық топ секілді заң бұзушылықтарға қатысты емес. Сондай-ақ ұрлық-қарлыққа байланысты ұсақ қылмыстар бойынша шешім шығару уақыты 15 күннен 6 күнге қысқарады. Жақып Асанов, ҚР Бас прокуроры: - Ол тергеушінің, прокурордың проблемасы. Үлгермесе шығарып жіберу керек. Не істесе де. Ол заң. Уақытша қамау изоляторы деген бар. Соның басшысы уақыты өтіп, 1 минутқа ұстап қалса, өзі сотталады. Мұның барлығын баяндамамда неліктен жіліктеп айтып отырмын. Өйткені ең алдымен депутаттар жақсы біледі. Қарапайым халық естісін. Қазір айтып жатырмыз ғой. Мемлекетіміз құқықтық мемлекет болады деген.