Жаңалықтар

"Сәулелік терапия" жөнінде конференция өтуде

ашық дереккөзі

"Сәулелік терапия" жөнінде конференция өтуде

Елімізде онкологиялық есепте тұрғандардың саны 150 мыңнан асып жығылады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 2013 жылы мұндай есепте тұрған қазақстандықтар қатары 146 мыңды құраған. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі онкологиялық ауруларды дер уақытында анықтап, оларды емдеу және оңалту шараларын жүргізу «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі екендігін айтады. Бұл мәселенің шешу жолдарын қарастыру үшін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты «Жоғары технологиялық сәулелік терапияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуде. Аталмыш іс-шараға Varian Medical Systems және Medpark B.V ұйымдары да ат салысып, АҚШ, Швейцария, Латвия елдерінен келген білікті мамандар тәжірибелерімен бөлісіп жатыр. Ал Қазақстандағы бейінді емдеу мекемелерінің сәулелік терапия саласы мамандары бұл конференцияда тәжірибелерін шыңдау үстінде.