Ұлттық құраманың бапкері жаңа жылдық жоспармен бөлісті

Ұлттық құраманың бапкері жаңа жылдық жоспармен бөлісті

Ұлттық құраманың бапкері жаңа жылдық жоспармен бөлісті
ашық дереккөзі
Футболдан Ұлттық құраманың бапкері 2018 жылға жоспарларымен бөлісті. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Александр Бородюк команданың 2018 жылға жоспарын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап. «2018 жылдың 24 қаңтары күні Ұлттар Лигасының дебюттік ойынына жеребе тарту өтеді. Оның нәтижесі бойынша, Қазақстан құрамасы мен оның жанкүйерлері аталмыш турнирдегі қарсыластарымызды білетін болады. Оған дайындық ретінде 2018 жылдың ақпанында Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізуді көздеп отырмыз. Оқу-жаттығуда өткен жолғы жиынға қатыспаған футболшылар тестілеуден өтеді. 2018 жылдың ақпанында ФИФА мен ЕУФА-ның ресми даталары белгіленбеген. Қазақстан кәсіби футбол лигасы клубтарының басшылығы мен бапкерлері түсіністікпен қарап, ұлттық құрамадағы ойыншыларды оқу-жаттығу жиынына жіберуге қатысты келісе аламыз деп ойлаймын», - деді Бородюк. Оның айтуынша, Ұлттық құрама 2018 жылдың наурыз және маусым айларында тағы бір оқу-жаттығу жиынын жоспарлап отыр. «Келесі жылдың 6 қыркүйегі күні басталатын Ұлттар Лигасына дейін кем дегенде төрт матч өткізуіміз тиіс. Бірінші кезекте командалық тактиканы жетілдіруге назар аударатын боламыз», - деп түйді Ұлттық құраманың бас бапкері.