Гейтс "ақылды қала" салмақшы

Гейтс "ақылды қала" салмақшы

Гейтс "ақылды қала" салмақшы
ашық дереккөзі
Билл Гейтс «ақылды қала» салуды жоспарлауда, деп хабарлайды KPNX арнасы. Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің инвестициялық компаниясы Belmont Partners Аризоне штатынан (АҚШ) 10 мың гектар жер сатып алды.  Жердің құны 80 млн долларға бағаланған. Ол жерге аталған компания «ақылды қала» салмақ. Қалада 80 мың үй мен пәтерлер бой көтермек. Онда мектеп, кеңселер мен коммерциялық ғимараттар құрылысы жоспарланған.  Алайда құрылыс жұмыстарының қашан басталатындығы белгісіз. Айта кетейік, Belmont Partners компаниясы заманауи  озық технологияларды коммуникация және инфрақұрылым бағыттарында қолдануды мақсат етеді.