Жаңалықтар

Алматыда «Халық мұрасы» атты ән, күй, жыр кеші өтті

ашық дереккөзі

Алматыда «Халық мұрасы» атты ән, күй, жыр кеші өтті

Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхананың акт залында «Халық мұрасы» атты ән, күй, жыр кеші өтті. Оған Рамазан Стамғазиев, Рымкеш Жұмаділова, Еркін Шүкіманов, Ұлжан Байбосынова, Ардақ Исатаева, Мұрат Абуғазы, Аманкелді Күзеубай, Өркен Дүйсен, Шолпан Даржанова, Айгерім Қараменова және тағы басқа өнер қайраткерлері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық музыкасы факультетінің студенттері қатысып, қазақтың дәстүрлі әндерін ұлттық музыкалық аспаптармен – домбырамен, қобызбен, сыбызғымен, шертермен орындады.