Басына 2 оқ тиген көкшетаулық өлімнен қалай аман қалды?
Басына 2 оқ тиген көкшетаулық өлімнен қалай аман қалды?
Басына екі оқ тиген 39 жастағы көкшетаулық өлімнен аман қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Өткен аптада Ақмола облыстық ауруханасына 1978 жылғы Шангин есімді ер адам түскен. Науқастың мұрын қуысына екі оқ қадалып қалған екен. “Жағдайы нашарласа, науқас көзінен айырлып, бақилық болуы мүмкін еді. Десе де, дәрігерлердің жоғары біліктілігінің арқасында науқасқа эндоскопия жолымен ота жасалып, басына қадалған екі оқ алынды. Қазір науқастың жағдайы жақсы”, – дейді Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Дмитрий Чайков.