Президенттің ерекше сағаты назарсыз қалмады
Президенттің ерекше сағаты назарсыз қалмады
Нұрсұлтан Назарбаевтың Вацлав Клауспен және Абдолла Гүлмен кездесуінде жұрт назары Елбасының ерекше сағатында болды, деп хабарлайды Stan.kz.
Мемлекет басшысы Астана клубының отырысы аяқталған соң Чехия Республикасының бұрынғы Президенті Вацлав Клауспен және Түркия Республикасының бұрынғы Президенті Абдолла Гүлмен кездескен болатын. Аталған кездесуге елбасы классикалық үлгіде киініп келген екен.
Кездесу барысында тараптар жаһандық экономикалық және саяси үдерістердің қарқынды дамуына қатысты пікір алмасып, Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайына тоқталды. Қазақстан Президенті нарықтық экономиканы дамыту мәселесі бойынша тәжірибе алмасудың маңызды екенін айтып, қонақтарға Астана клубының отырысына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.
Бұл ерекше білезіктің адамның түстерін бақылап, оларды бағалай алатын қасиеті бар. Барометр, гироскоп, акселерометр және GPS қосымшалармен жабдықталған.