Президенттің ерекше сағаты назарсыз қалмады

Нұрсұлтан Назарбаевтың Вацлав Клауспен және Абдолла Гүлмен кездесуінде жұрт назары Елбасының ерекше сағатында болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Мемлекет басшысы Астана клубының отырысы аяқталған соң Чехия Республикасының бұрынғы Президенті Вацлав Клауспен және Түркия Республикасының бұрынғы Президенті Абдолла Гүлмен кездескен болатын. Аталған кездесуге елбасы классикалық үлгіде киініп келген екен.

Кездесу барысында тараптар жаһандық экономикалық және саяси үдерістердің қарқынды дамуына қатысты пікір алмасып, Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайына тоқталды. Қазақстан Президенті нарықтық экономиканы дамыту мәселесі бойынша тәжірибе алмасудың маңызды екенін айтып, қонақтарға Астана клубының отырысына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

c7cd6b6d1dfa222df2bd3b2f2b440c93

Десе де, желі қолданушыларының назары саяси мәселелерде емес, елбасының қолындағы сағатта болды. Аталған білезік-сағатты Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше кездесуге қатар тағып келген болатын.

Спортпен тұрақты түрде шұғылданатын желі қолданушылары бұл білезікті бірден танығандарын айтып жатыр. Ол танымал брендке тиесілі фитнес-білезік екен. Жүрек қағысы мен қадам санын есептеп отыруға көмектеседі. Мұнымен қатар, уақытты көрсетеді.

5eb4df5e9c69eca829b3f0c658f2803f

Бұл ерекше білезіктің адамның түстерін бақылап, оларды бағалай алатын қасиеті бар. Барометр, гироскоп, акселерометр және GPS қосымшалармен жабдықталған.

Back to top button