Өрттен көз ашпайтын "Абу-Даби Плаза" тағы да отқа оранды

Өрттен көз ашпайтын "Абу-Даби Плаза" тағы да отқа оранды

Өрттен көз ашпайтын "Абу-Даби Плаза" тағы да отқа оранды
ашық дереккөзі
"Абу-Даби Плаза" кешенінде тағы да өрт тұтанды. Жұмысшылар тұрып жатқан жатақханасы отқа  оранды. Құтқарушылар өрттің таралып кетуіне жол бермеді. Бұл туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап sputniknews.kz хабарлады. 
"Ас үй бөлмесінде тұрмыстық техника мен жиһаз, ас үй жабдығы өртенген болып шықты. Жалын шарпыған аумақ  – 50 шаршы метр. Қоңырау өрт сөндіру бөлімшелеріне сағат 14:39-да түсті. 14:43-те біздің бөлімдер оқиға орнында болып,  15:01-де өртті оқшаулады. Қазіргі таңда жалынның таралып кету қаупі жоқ", — деді Иманқұлов. Өртті сөндіруге №16 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің үш техникасы мен 15 адам жұмылдырылды. Иманқұловтың мәліметінше, адамдарды ғимараттан көшірудің қажеті болмаған. Айта кетейік, "Абу-Даби Плазадан" бұған дейін де бірнеше рет өрт шықты.