Жаңалықтар

Парижден 65 миллион еуроға пәтер сатып алған қазақстандық кім?

ашық дереккөзі

Парижден 65 миллион еуроға пәтер сатып алған қазақстандық кім?

Қазақстан Үкіметінің өкілі Франция астанасы – Париж қаласынан 65 миллион еуро тұратын үй сатып алған. Бұл туралы Nur.kz порталы Mansion global сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Ақпарат порталының жазуынша, Қазақстан үкіметінің өкілі сатып алған қымбат пәтер Елисей алаңынан бір минуттық қашықтықта Монтень даңғылындағы «алтын үшбұрышта» орналасқан. Шетелдік басылым көрсеткендей аталмыш пәтер саудасы Париж шаһарындағы ең қымбат келісімдердің бірі болып отыр. Пәтерді сатуға бельгиялық риэлтор Игнас Мювиссен көмектескен. 65 миллион еуроға бағаланған пәтердің аумағы 1200 шаршы метрді құрайды. Пәтерде 5 жатын бөлмесі, 5 ванна, спа-орталық пен қызметшілерге арналған бөлек бөлмелер қарастырылған. Элиталық пәтердің ең басты артықшылығы – қауіпсіздік деңгейінің жоғарылығында. Яғни, пәтерде 55 шаршы метр аумақты құрайтын арнайы бөлме бар. Бұл бөлменің терезелерінен мүлдем оқ өтпейді екен. Риэлтордың сөзінше, Франциядан мұндай қауіпсіздік деңгейі жоғары пәтер табу оңай шаруа емес. Сонымен қатар, риэлтор пәтерді сатқан ресейлік инвестор, ал сатып алушы Қазақстан үкіметінің ресми өкілі екенін атап өткен.