"Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 27 балабақша бой көтереді

"Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 27 балабақша бой көтереді

"Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 27 балабақша бой көтереді
ашық дереккөзі

Елбасы ұсынған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында елімізде алдағы үш жыл ішінде 27 балабақша пайдалануға берілмек. Мұндай ақпарат бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Аталмыш бағдарлама бойынша балабақшалар салу үшін 10 миллиард теңге бөлінбек. Осы қаражатқа алдағы үш жылда 27 балабақша салу жоспарланған. Ал жоспарланған балабақшалардың көп бөлігі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші төмен аймақтарда бой көтереді екен. Қазіргі уақытта республиканығ 6 облысында(Алматы, Астана қалалары, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау облыстары) балалардың балабақшамен қамтылуы орташа республикалық деңгейден төмен.