Эр-Рияд мұнай саудасына қатысты күдікке ілікті

Эр-Рияд мұнай саудасына қатысты күдікке ілікті

Эр-Рияд мұнай саудасына қатысты күдікке ілікті
ашық дереккөзі
Сауд Арабиясы мұнай өндірісіне қатысты мәліметтерді бұрмалаған болуы мүмкін, деп хабарлайды Астана арнасы «Financial times» басылымына сілтеме жасай отырып. Арнаның хабарлауынша, қара алтын өндіруші алпауыт ел осындай күдікке ілініп отыр. «Financial times»-та жарияланған мақалада қоймалардағы шикізаттың артқаны туралы жазылған. Ал елдің ОПЕК алдындағы міндеттемесіне сай, керісінше, төмендеуі тиіс. Осыны ескерген Сараптау компаниясының зерттеушілері осындай тоқтамға келді. Жерсеріктік мәліметтерге сүйенген мамандар, «Эр-Рияд өз мұнайын жер асты резервуары арқылы сатып жатыр» дегенге дәлел таппаған. Осының алдында Сауд Арабиясы өкілдері «70 миллион баррель қара алтын сатқанын» мәлімдеген еді. Ал жоғарыдан түсірілген суреттерде қоймалардағы мұнайдың азаймақ түгілі, артқаны байқалды. Сарапшылар мұндай жағдай бірінші рет орын алып отыр дейді. Саудиттердің бұл қадамға неліктен барғаны әзірге белгісіз. «Эр-Рияд елден сырт аумақтардағы қоймаларда сақталған мұнайын сатуы мүмкін» деген болжам да жоқ емес.