Сирияда құтқарылған 5 қазақстандық Грозныйға жеткізілді

Сирияда құтқарылған 5 қазақстандық Грозныйға жеткізілді

Сирияда құтқарылған 5 қазақстандық Грозныйға жеткізілді
ашық дереккөзі
Сирияның түкпір-түкпірінен қырықтан астам адам құтқарылып, арнайы рейспен Грозныйға жеткізілді, деп хабарлайды РИА Новости.
Грозныйға  12 әйел мен 29 бала жеткізілді. Араларында бесеуі – Қазақстаннан, екеуі – Өзбекстаннан, қалғандары ресейліктер. Туған-туыстары Сириядан құтқарылған азаматтарды ұшақтан қарсы ала алмады, өйткені араларында туберкулезге шалдыққандар бар екен. Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы Шешенстан өкілі Зияд Сабсаби тілшілерге берген мәліметінде әйелдер мен балаларды Сирияның түпкір-түпкірінен жинағанын айтты. Қайта оралған әйелдер РФ заңы алдына келуге дайын. Бәрі өз еркімен қайтқандарын растап, қолхат жазып берді. Шешенстан президенті Рамзан Қадыров Instagram желісінде Сириядан оралған әйелдер мен балалардың видеосын жариялаған.