Астанада жаңа инсульт орталығы ашылды

Астанада жаңа инсульт орталығы ашылды

Астанада жаңа инсульт орталығы ашылды
ашық дереккөзі
Астанада жаңа инсульт орталығы ашылды. Елордада Ақмола облыстық №2 облыстық аурухананың базасында жаңа инсульт орталығы ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Ведомстводан түсіндіргендей, инсульт орталығын ашудың негізгі мақсаты мидың қан айналымында ақауы бар науқастарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету болып табылады. Бұл орталық 7 ауданның, атап айтқанда Целиноград, Астрахан, Аршалы, Ерейментау, Егіндікөл, Қорғалжың және Шортанды өңірлеріндегі осындай патологиясы бар адамдардың өлім және мүгедектік жағдайын азайтады. Инсульт орталығын жарақтандыру үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлінген. Ми қан айналымындағы ақауды дер кезінде анықтау үшін Revolution EVO GE - 64 компьютерлік томографы сатылып алынған. Орталық 15 адамға арналып отыр. Сонымен бірге, бөлімшеде терапия мен жансақтау бөліміне арналған тағы 3 орын бар. Айта кетсек, биылғы жылдың соңына дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы Атбасар көпқызметті ауданаралық аурухананың базасында тағы бір инсульт орталығын ашуды көздеп отыр.