Жетісулық студенттер «Рухани жаңғыру» мобильді қосымшасын жасады

Жетісулық студенттер «Рухани жаңғыру» мобильді қосымшасын жасады

Жетісулық студенттер «Рухани жаңғыру» мобильді қосымшасын жасады
ашық дереккөзі
Алматы облысындағы жоғары оқу орындарының бірінде білім алып жатқан студенттер «Рухани жаңғыру» мобильді қосымшасын жасап шығарды, деп хабарлайды 24.kz.  Оған негізінен Жетісу жеріндегі киелі жерлер енген. Осы қолданбаны пайдалану арқылы өңірдегі тарихи-археологиялық ескерткіштер жайлы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мол мағлұмат алуға болады. Тарихи жерлерге қалай бару керектігі де картамен көрсетілген. Мобильді қосымша Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен жасалды. «Ол жергілікті тұрғындар мен саяхатшыларға «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы басымдықтарды жан-жақты түсіндіру үшін аса қажет», – дейді жобаны жүзеге асырушылар.