Жерар Гоудың жылдық табысы жарияланды

Жерар Гоудың жылдық табысы жарияланды

Жерар Гоудың жылдық табысы жарияланды
ашық дереккөзі

 Қайрат командасының шабуылшысы Жерар Гоудың жылдық табысның қанша екені белгілі болды. Бұл туралы "Jeune Afrique" журналына сілтеме жасап  massaget.kz хабарлады. 

Африкалық басылым мәліметі бойынша футболшы жылына 2 миллион еуро алады екен. Ал қосымша сыйақылар бұл қаржыға қосылмаған. Команда мен ойыншының келісімшарты желтоқсан айында аяқталады. Әзірге "Қайрат" командасы ойыншымен келісімді жалғастыру, не жалғастырмау туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Ал шабуылшының өзі командада қалуға ниетті көрінеді. Айта кетейік, 28 жастағы ивуарлық футболшы алматылық команда сапына 2014 жылы Ресейдің "Краснодар" клубынан ауысып келген. Одан бергі аралықта Қазақстан премьер-лигасында 102 ойынға қатысып 80 гол соқты. Соңғы үш маусымда да үздік сұрмерген атанды. Ал барлық турнирлерді қоса алғанда 143 ойыннан 103 гол соққан.