Адам бақытының құпиясын білгіңіз келе ме?
Адам бақытының құпиясын білгіңіз келе ме?
АҚШ-тың Солтүстік-Батыс университетінің нейробиологы Моран Серф адам бақытының құпиясын ашты.Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы жазды.
Ғалымның айтуынша, адамның бақыты қоршаған жақындарымен тікелей байланысты. Яғни адамның бақытты болуына қаржы, өмірлік көзқарас немесе жеке тәжірибе сынды факторлар әсер ете алмайды.
Ғалым бұл қорытындыға келмес бұрын 10 жыл бойы зерттеу жұмысын жүргізген. Зерттеу жұмысының басты нысаны – адамның қалай шешім қабылдайтыны болған. Маманның айтуынша, адамға дұрыс шешім қабылдауға айналасындағы жақындары көмектеседі. Осылайша оның жұмысы жеңілдейді.
“Өміріңіздегі адамдар, расымен де, сіздің таңдауыңыз бен көзқарасыңызға, өмір сүру салтыңызға тікелей әсер етеді. Мұны түсіндіру де мүмкін емес. Ең бастысы, сіз өзіңізді қоршаған адамдарға ұқсайтын боласыз”, – дейді Серф.