Жаңалықтар

Көшеде дәрет сындырған қарағандылық полицейді қандай жаза күтіп тұр?

ашық дереккөзі

Көшеде дәрет сындырған қарағандылық полицейді қандай жаза күтіп тұр?

Далада үлкен дәретке отырған полицей жұмыстан қуылуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.    Бұған дейін әлеуметтік желілерде полицей формасын киген ер адам дәретхана ретінде қоғамдық орынды пайдаланғаны түсірілген видео тараған еді.  "Видеода Қарағанды қаласы ІІБ жол-патрульдік полициясы полкінің полицейі көрініс тапқан. Аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр, оның нәтижесінде полицейге ішкі істер органдарынан жұмыстан босатуға дейінгі тәртіптік жаза қарастырылады, оның басшылары да жазалануы мүмкін", — деп жазылған хабарламада.Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, видеоны қасында бірге жүрген қызметкер түсіріп, желіге таратып жіберген.