Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Кәмшат Дөненбаеваның отбасына көңіл айтты

ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы Кәмшат Дөненбаеваның отбасына көңіл айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Кәмшат Дөненбаеваның қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Жеделхатта мемлекет басшысының даңқты диқан-механизатор, қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаеваның дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

"Кәмшат Байғазықызы көп жылдар бойы механизатор болып еңбек етіп, жер жыртып, астық өсіріп, еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосты. Кезінде басқа да бірқатар қыздар Кәмшатқа еліктеп, механизаторлық мамандықты таңдап, еліміздегі бүгінгі береке мен молшылықтың негізін қалады.

Бойында қазақ әйеліне тән ақыл мен парасат, еңбекке деген қажыр мен қайрат шебер үйлесім тапқан Кәмшат Дөненбаеваның есімін, оның атқарған істері мен жарқын дидарын қазақстандықтар әрдайым жадында сақтайды деп сенемін", – делінген жеделхатта.