Ядролық физика институты "радиация таралғанын" жоққа шығарды

Ядролық физика институты "радиация таралғанын" жоққа шығарды

Ядролық физика институты "радиация таралғанын" жоққа шығарды
ашық дереккөзі
Ядролық физика институты "радиация таралғанын" жоққа шығарды. Қазақстан энергетика министрлігіне қарасты Ядролық физика институтының директоры Ерғазы Кенжин Азаттыққа Қазақстанда, әсіресе оның батысында радиация таралған болуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды. Францияның ядролық және радиациялық қауіпсіздік институты (IRSN) Еуропа аспанынан радиоактивті бұлттарды анықтағанын хабарлаған. IRSN сарапшылары радиоактивті бұлт қыркүйек айының соңында Ресейде немесе Қазақстанда ядролық нысанда болған апат я төтенше жағдайдың салдарынан шыққан болуы мүмкін екенін айтқан. Ерғазы Кенжин Азаттыққа сұхбатында Қазақстанның батысында мұнай өнеркәсібінен басқа ауаға немесе қоршаған ортаға қауіпті зиянды қалдық шығаратындай мұнай өндірісінен басқа өнеркәсіп орындары жоғын айтты. Оның сөзінше, Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласына жақын 1980 жылдары жердің терең қабаттарында ядролық жарылыстар болған, бірақ ол жер мықтап жабылғандықтан радиация таралуы мүмкін емес. IRSN радиоактивті бұлттан қазір адам денсаулығына қауіп жоғын, бірақ радиация таралу кезінде адамдарды эвакуациялағанын айтады. Ғалымдар метеорологиялық мәліметке сүйеніп, радиоактивті бұлттар Орал тауынан келуі мүмкін деп болжайды. Бірақ Ресей билігі елде ядролық нысанда апат болғаны жөнінде мәлімет жоғын айтады. Бірақ, қазан айының ортасында Ресей билігі Свердловск және Челябинск облыстарындағы радиацияның деңгейін тексере бастады.