ДДСҰ Қазақстандағы бедеулікті мемлекет мәселесі деп есептейді
ДДСҰ Қазақстандағы бедеулікті мемлекет мәселесі деп есептейді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстандағы бедеулікті мемлекет мәселесі деп есептейді. Meddoc Қазақстанда жылына 15 пайыз отбасылық жұптың бала сүйе алмайтыны анықталады, олардың ішінде 8 мың жұпқа ЭКҰ (Экстракорпоралдық ұрықтандыру) ғана көмектеседі.Бұл туралы денаулық сақтау вице-министрі Ләзәт Ақтаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Жыл сайын 20 мың жұптың бала көтере алмайтыны анықталады. Олардың 8 мың жұбына қосымша технология қажет болады, бұл басқа амал қалмағанда қолданылады", - дейді вице-министр Астанадағы бедеулік мәселесі бойынша конгрессте. Оның сөзінше, баласыз жүптардың бәрі дәрігерлерге келіп көмек сұрамайды. Мәселен әйелдер бедеулігінің диспансерінде 14 мың адам тіркеуде тұрса, ерлердікінде - мығнан аса ғана. "Жалпы Қазақстандағы баласыз отбасы прблемасы 15 пайыз көлемінде. ДДСҰ мұндай деңгейдегі мәселені мемелекеттік қиындық деп есепетейді, өйткені бұл демографиялық көрсеткішке әсер етпейді, - дейді Ақтаева. Вице-министрдің айтуынша, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда ЭКҰ көмегімен 14 мың сәби дүниеге келді. "Оның ішінде 4783 бала мемлекеттік тегін медициналық көмек аясында туған, яғни 11 пайызы. Бұған мемлекет 3,9 миллиард теңге жұмсады", - дейді ол. Еске салайық, Қазақстанда ЭКҰ-ға квоталар 2010 жылдан бастап беріледі. 2017 және 2018 жылдары тегін ЭКҰ-ға 900 квота бөлу жоспарланған.