Нұржан Әлтаев – ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Нұржан Әлтаев – ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Нұржан Әлтаев – ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі
ашық дереккөзі
Нұржан Әлтаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды. ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет сайтына сілтеме жасап. Нұржан Әлтаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы - Академиялық инновациялық университетті тәмамдаған. Мамандығы - заңгер, экономист. Еңбек жолын 2002 жылы бастады. 2005-2012 жылдары мемлекеттік органдарда әр түрлі қызметтер атқарған, ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 2012-2014 жылдары "Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын", Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасын басқарды. 2014 жылдың наурызынан бастап осы уақытқа дейін "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары болып істеген.