Жаңалықтар

Тапсырыспен кісі өлтірген азамат 17 жылға сотталды

ашық дереккөзі

Тапсырыспен кісі өлтірген азамат 17 жылға сотталды

Оңтүстік Қазақстан облысында тапсырыспен кісі өлтірген азамат сотталды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Агенттіктің хабарлауынша, 100 мың теңге үшін адамды атып өлтірген айыпталушыға 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Облыстық қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған сот отырысында белгілі болғандай, Түлкібас ауданының 25 жастағы тұрғыны Мейірбек Солтыбековке досы жолығып, біреуді өлтіру керектігін айтыпты. Ол досының сөзін жерге тастай алмай, нысанаға алынған кісіні үйіне барып өлтіріп кеткен. Бұл қызметі үшін 100 мың теңге алыпты. Тергеу кезінде айыпталушының қылмысы толығымен дәлелденіп, оның үстінен Қылмыстық кодекстің 2 бабымен іс қозғалған болатын. Облыстық қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Дәурен Мадалиев айыпталушы Мейірбек Қанатбекұлын ҚР ҚК 58 бабының 4 бөлігіне сай, тағайындалған жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті 17 жылға бас бостандығынан айырды. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтеуді белгіледі. Сонымен қатар, судья сот тергеу барысында Солтыбековке ҚР ҚК 296-бабымен тағылған айып бойынша істі қысқартуға жіберді. «Солтыбеков ҚР ҚК 71 бабының, 1 және 3 бөлігіне сай қылмыстық теріс қылықты ескерту мерзімінің өтуіне байланысты, ҚК 296 бабының 2 бөлігінде көзделген әрекеттер бойынша, қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, айыптың бұл бөлігі қысқартылсын. Заттай дәлел ретінде танылған кептірілген марихуаннаның салмағы 40,63 гр . Конобис смаласы, салмағы 0,005 гр. Сондай-ақ, екі қолынан алынған шайындылар жойылсын», – деді судья Дәурен Мадалиев. Еске салайық, қылмыстық оқиға 2013 жылы Түлкібас ауданында болған. Жер дауынан шыққан жанжалдан кейін айыпталушыға өзінің досына, адам өлтіру үшін 100 мың теңге төлепті. Тапсырыс алғаннан кейін тиісті адамды адамды үйіне барып атып кеткен. Кейін оқиға орнынан бой тасалаған. Алайда құқық қорғау органының өкілдері күдіктіні 4 жылдан кейін Алматы қаласында қолға түсірді. Ал кісі өлтіруге тапсырыс берген танысы сол жылы-ақ сотталып кеткен болатын.